-
ТОО «МФО Kronos credit» отмечено наградой «ЛИДЕР ОТРАСЛИ 2016»
- Жаңалықтар
Клиенттер үшін пайдалы ақпарат
- Шағын несие алу туралы шешім – жауапты шешім;
- Несие және оған қызмет көрсету (өтеу) шарттары туралы бүкіл ақпаратпен мұқият танысыңыз;
- Шағын несие беру шартымен мұқият танысыңыз;
- Шағын несие беру шартына қол қою – ең жауапты кезең.
I. Шағын несие алу туралы шешім – жауапты шешім.
Шағын несие – бұл инвестициялық және тұтынушылық мақсаттарда шағын қаржы ұйымдарымен (бұдан әрі – ХҚҰ) берілетін 20 000 АЕК көлеміндегі Шағын несие: жеке, тұрмыстық қажеттіліктер үшін тауарларды (жұмыстар, қызметтер) сатып алу, сондай-ақ жеке бизнеске инвестициялар салу.
Шағын несие алу шартымен орнатылған мерзімде қарыздың негізгі сомасын (ХҚҰ-нан алынған сома) қайтару, сондай-ақ шағын несиені пайдаланғаны үшін пайыздарды төлеу міндетін көздейді.
Көп жағдайда несие шартының ережелерімен шағын несиені алу және ХҚҰ пайдасына шағын несиені өтеумен байланысты өзге төлемдерді жүзеге асыру қажеттілігі қарастырылады (шағын несиені алу, ақша құралдарын аудару үшін комиссиялар және т.б.).
Егер шағын несие шартымен көзделген қандай да бір төлемдер уақытылы және/немесе толық көлемде жүзеге асырылмаса, шағын несие ұйымы тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу туралы талап қоя алады. ХҚҰ осындай талап қою құқығы туралы шағын несиені беру шартында айтылған.
Шағын несие алу туралы шешім қабылдау алдында оны алудағы өзіңіздің сұранысыңызды, сондай-ақ оған уақытылы қызмет көрсету (өтеу) мүмкіндіктеріңізді, яғни өз бюджетіңізге қарай ақша құралдарының қандай сомасын шағын несие бойынша тиесілі барлық төлемдерді өтеуге жібере алатыныңызды анықтап алғаныңыз жөн.
II. Несие және оған қызмет көрсету (өтеу) туралы бүкіл ақпаратпен мұқият танысыңыз.
Тұтынушылық шағын несие алу туралы шешім қабылдау үшін ХҚҰ қызметкерлерінен шағын несиелендіру жүргізілетін шарттар туралы, соның ішінде несие алу және оған қызмет көрсетумен (өтеумен) байланысты барлық төлемдер туралы толық ақпаратты алу қажет.
Есіңізде болсын! Уақытылы (шағын несие беру шартын жасасуға дейін), қажет және шынайы ақпаратты алу құқығыңыз ҚР заңнамасымен бекітілген. Соның ішінде, мұндай ақпаратқа шағын несиенің көлемі, оны өтеу кестесі, жылдық пайыз түріндегі шағын несиенің толық құны (шағын несие шартын жасасумен және орындаумен байланысты шағын несие бойынша Сіздің төлемдеріңіз қосылатын шағын несиенің толық құнын есептеуге, соның ішінде шағын несие беру шартында анықталған үшінші тұлғалардың пайдасына жасалатын төлемдер).
Шағын несие беру шарттарымен мұқият танысыңыз. Қызметтерді көрсету тарифтеріне берілген сілтемелерге назар аударыңыз. ХҚҰ қызметкерлерінен осы тарифтер туралы ақпаратты сұратып, танысып шығыңыз.
III. Шағын несие беру жөніндегі үлгілік шартпен және өзге құжаттармен мұқият танысыңыз.
Құжаттарға қол қоюға асықпаңыз. Шағын несие беру туралы шартқа қол қояр алдында онымен мұқият танысыңыз. Сіздің міндеттеріңізді (міндеттер, жауапкершілік) орнататын шарттарымен мұқият танысып, несие шартында Сізге беймәлік немесе мағынасы Сізге түсініксіз шарттардан тұрмайтынына көз жеткізіңіз.
Шағын Несие берудің қандай да бір шарттары Сізге түсініксіз болса, ХҚҰ қызметкерлерінен түсініктемелер беруді және сәйкес құжаттарды беруді сұраңыз, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды анықтап алыңыз.
Шағын Несие шартымен мұқият танысып шығып, несие алуды «құптау» мен «қарсы шығу» дәлелдеріңізді тағы бір мәрте саралап, несиені уақытылы қайтару мен барлық тиесілі төлемдерді жүргізу жөніндегі өз мүмкіндіктеріңізді байыппен бағалаңыз.
IV. Шағын шартына (шағын несие беру шартына) қол қою – ең жауапты кезең.
Есіңізде болсын! Шағын Несие шартына қол қойып, оның барлық талаптарымен келісесіз және оларды орындау, соның ішінде орнатылған мерзімде негізгі Шағын несие барлық сомаларын қайтару және барлық тиесілі төлемдерді жүргізу жөніндегі міндеттемелерді қабылдайсыз, ал оларды орындамау (тиісінше орындамау) үшін ХҚҰ сотқа шағымдана алады.
Қандай төлемдерді және қашан жүргізуіңіз қажеттігін нақты білсеңіз және мұны жасай алатыныңызға сенімді болсаңыз ғана, Шағын несие шартына (банктің өзге құжаттарына) қол қойыңыз.
Құрметпен,
KRONOS CREDIT ХҚҰ.