-
ТОО «МФО Kronos credit» отмечено наградой «ЛИДЕР ОТРАСЛИ 2016»
- Жаңалықтар
ХҚҰ миссиясы мен құндылықтары
Kronos Credit ХҚҰ әлеуметтік-бағдарланған ұйым бола отырып, өз Клиенттері үшін әрдайым ашық және олардың қаржылық мәселелерін шешу мен бизнес-жоспарларын іске асыруда қолдауға дайын. Компания өз Клиенттері үшін бірегей болуды маңызды мақсат тұтып, дамиды және жетіле түседі.
Kronos Credit ХҚҰ басты және мызғымайтын құндылығы – оны осында түсенетін, бағалайтын және қажет нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін Клиент:
– атап айтқанда: өзаратиімді шарттарда кешенді қаржы қызметтерін шұғыл көрсетеді;
– жалпы: барлық тұрғындардың материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істейді;
– ҚР шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуына жәрдемдеседі.
Kronos Credit ХҚҰ компаниясының алға қойған жоспарларын сәтті іске асыру үшін өңірлік желісін қалыптастырады және дамытады, көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіреді және тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жүргізеді. Бұл ретте, Kronos Credit ХҚҰ компаниясының қызметінің іргелі қағидасы бизнесті жүргізудің транспаренттілігі болып табылады: мөлдір баға қалыптастыру, әділ шағын несиелендіру, адал бәсекелестік.
Біз өз Клиенттерімізді құрметтейміз және олармен серіктестік қатынастарды орнатамыз, жоғары кәсіби әлеуетті қамтамасыз етеміз және қаржылық нарықтағы қызметтердің бәсекеге қабілетті сапасын қамтамасыз етуге жәрдемдесеміз. Біз Клиенттерді тарту және олармен ұзақмерзімді, берік серіктестік қарым-қатынастарды орнату мақсаттарында жетілеміз.